Болашақ құқық қорғаушылар республикалық олимпиадада топ жарды
+7 (7222) 42-32-24

Болашақ құқық қорғаушылар республикалық олимпиадада топ жарды

✨ Әлихан Бөкейхан Университеті Заң факультетінің 6В12330 - «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Алматы қ. Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде құқық пәндерінен жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.

💫 Қазақстанның әр өңірінен жиналған жүздеген студенттер қатысқан олимпиада қорытындысы бойынша университетіміздің ПД-103 тобының студенті Оралбекова Аяжан жүлделі 3 орынға ие болды.

💐 Аяжан мен оны олимпиадаға дайындаған Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын құттықтай отырып, академиялық жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз!



Бөлісу: