Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік
+7 (7222) 42-32-24

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік

2024 жылдың 11 сәуірінде Әлихан Бөкейхан Университеті Парасаттылық мектебінің кезекті сабағы өтті. «Түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін моральдық-этикалық жауапкершілік» тақырыбындағы сабақты Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы  Е.А. Сайдуллаев  өткізді.

Студенттер сабақ барысында сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылыстың бастауларын туралы ой талқы өткізді. Лектор сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры, қоғамда орын алу себептері ежелгі сыйлық жасау дәстүрінен бастау алатындығын түсіндірді. Қымбат сыйлық адамды басқа өтініш берушілерден ерекшелендіреді және оның өтінішін тыңдауға және орындауға ықпал етті. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстардың теріс құбылысы қоғамда моральдық-идеологиялық негіздердің қалыптасуына айтарлықтай әсер ететіні атап өтілді. 

Дәріскер сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелеріне жеке тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық міндеттемелерді орындау мүддесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілейтінін түсіндірді.

Мемлекеттің жасаған күш-жігеріне қарамастан, бұл жағымсыз құбылыс қоғамға және жалпы мемлекетке елеулі қауіп төндіруді жалғастыруда, елдің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті бұрмалайды. 

Дәріске қатысушылар жемқорлық мәселесін шешу үшін заңдарды қатаңдату жеткіліксіз деген қорытындыға келді, сондықтан жастар да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді үлес қосу керектігі туралы айтылды.



Бөлісу: